Техникалық және арнайы орта білім беретін, жұмысшы кадрлардыдаярлайтын Баянауыл аудандық колледжі 2021-2022 оқу жылына 9 сыныпнегізінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Дәнкерлеу ісі», 11 сыныпнегізінде «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану»мамандықтарына талапкерлерді қабылдады.
Колледждің қабылдау комиссиясы 2021 жылдың 20 маусым мен 25тамыз аралығында сағат 09.00-дан 18.00-ге дейін дүйсенбі жұма күндеріаралығында жұмыс істеді.Талапкерлердің оқуға түсуге өтініштерінің саны 95 болды. Бұл өзкезегіндебілімалушылардыңсұраныстарының өскендігінің бір дәлелі.
Биылғы оқу жылындағы тағы біржаңашылдық -талапкерлерді оқуға қабылдау аттестаттың орташа балынегізінде электронды жүйеде жүргізілді.Сонымен қоса қуантарлық жағдай оқу орнымызға жылда басқа даоблыстардан, аудандардан талапкерлердің қабылдануы, биылғы оқужылында Түркістан облысынан 2 студент, Павлодар ауданы Кенжекөлауылынан 1 студент қабылданды.Нәтижесінде берілген мемлекеттік гранттың санына сәйкес, 45талапкер іріктеуден өтіп, колледж студенттері атанды.Қабылданған студенттердің зейіндері ашылып, қалаған мамандық иесіатануларына тілектеспіз!