Павлодар облысының білім басқармасының WorldSkillsPavlodar-2025 өңірлік кәсіби шеберлік конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы 18.02.2025 жылғы №2-02/117 бұйрығына сәйкес, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, «Аспаз» біліктілі бойынша конкурс өтті. Аталған «AgroSkills» конкурсы 6-шы мамыр күні Ертіс ауданы «Ертіс аграрлық техникалық колледжі» КМҚК-да болды. Конкурсқа Баянауыл көпсалалы колледжінің атынан осы мамандықтың 1-курс студенті Бектемирова Аделя Нұржановнаның өтінімі берілді. Жетекшісі 1-ші санаттағы өндірістік оқыту шебері және арнайы пәндер оқытушысы Кошанова Кызылгуль Бахтыбаевна.
Аталған конкурсқа қатысушыларымыз 1 күн бұрын барып, жұмыс орнымен,тапсырмалар барысымен танысып, ойдағыдай қатысып келді.
Конкурс 4 модулдан тұрды: 1 модуль Жұмыртқа бенедикті; 2.Қызыл балықпен шпинатты рулет; 3. Тауықтан жасалған карданблю гарнирмен, тұздығымен; 4 Ірімшіктен жасалған диссерт.
Конкурсқа облыстың аудандық колледждерден түскен 7 өтінімге сәйкес, 5 колледж қатысушысы қатысты. Конкурс барынша тартысты, әрі қызықты өтті, қатысушылар бұл сайыстан іскерлік тәжірибе жинап, жақсы көңіл күймен келді.