РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus

СЕНБІЛІК- ТАЗАЛЫҚ КЕПІЛІ

26-шы сәуір күні колледж ұжымы мен жатақхана студенттері «Тазалық акциясы» аясында  кезекті  сенбіліке шықты.  Әкімшіліктен белгіленген маршрут бойынша колледждің территориясы қайта жинастырылып, Сабындыкөл қайыңды жағалауы тазаланды.

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жанашырлықпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.

Бүгінгі күні ауданның тазалығын қамтамыз ету мақсатында барлық аудан мекемелері тұрақты сенбілікке ат салысып келеді. Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбір­шілікті көрсететін керемет шара. Аталған шара тұрғын­дардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалып­тастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Тұрақты сенбілік жұмыстары барысында күн санап көшелердің келбеті жаңаруда.

Аударыспақ -2025

2025 жылдың 25-ші сәуірінде ұлттық ат спорты «Аударыспақтан» Павлодар облысы бойынша чемпионатта колледжіміздің «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану мамандығының II курс студенті Сериков Серікжан II орынға ие болды.

Барлық ұжым және студенттер атынан құттықтаймыз!!!