Тәрбие жұмысы бойынша басшы орынбасары
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Баянауыл көпсалалы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны тәрбие жұмысы бойынша басшы орынбасары ставкасы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
1 штаттық бірлік
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Баянауыл көпсалалы колледжі» КМҚК орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140300 Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылдық округі, Баянауыл ауылы, Х.Әбілғазин көшесі,15. Телефоны 8(71840)9-25-12, bayankk@mail.kz
Кәсіпорын қызметі: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.02.21 № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары тәртібіне сәйкес өткізіледі.
Еңбек жалақысы: 192190-227229 теңге, еңбек өтілі мен санатына байланысты.
Қатысушыларға қойылатын талаптар конкурс:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді, кәсіптік бағдар беру жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын үйлестіреді, олардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады;
оқу жылына тәрбие жұмысының жоспарын әзірлейді;
оқу-тәрбие жұмысы мәселелері жөніндегі топ басшыларының қызметін басқарады;
дене шынықтыру-сауықтыру және көркем-эстетикалық бағыттағы топтар басшыларының, тәрбиешілердің, кітапханашылардың, қосымша білім беру оқытушыларының қызметін үйлестіреді;
тәрбие жұмысына талдау жүргізеді;
тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, тәрбие процесінің сапасына, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылармен және девиантты мінез-құлықты балалармен жеке жұмысқа жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді;
дене тәрбиесі процесін, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмысты дамытуды үйлестіру бойынша, білім алушыларға салауатты өмір салты нормаларын дарыту бойынша жұмысты жүзеге асырады;
педагогтар мен білім алушылар арасында тәрбие жұмысы бойынша семинарлар, конференциялар, конкурстар және басқа да іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
білім алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационализм, жоғары мораль мен имандылықты қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты жүзеге асырады;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды;
жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады, оқу-материалдық базаны нығайту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
білім беру ұйымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауды қамтамасыз етеді;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие жұмысының нәтижелері туралы есеп береді;
жастар мен жұмыспен қамтылмаған халық арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірлейді;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары орынбасарларының біліктілікті беру (растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;
білім алушылар, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Ескерту. 244-тармаққа өзгеріс енгізілді — ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекс, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдары;
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
басқарудың инновациялық әдістері;
педагогикалық этиканың нормалары;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
Ескерту. 254-тармаққа өзгеріс енгізілді — ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
255. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
немесе 3 жылдан астам жұмыс өтілі бар білім беру ұйымының «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» біліктілік санатының болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін өтініштері мен құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында немесе «Баянауыл көпсалалы колледжі» КМҚК интернет ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы, 140300 Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылдық округі, Баянауыл ауылы, Х. Әбілғазин көшесі, 15 «Баянауыл көпсалалы колледжі» КМҚК немесе bayankk@mail.kz электрондық поштаға электрондық түрде ұсынылады.
Конкурс Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Баянауыл көпсалалы колледжі» КМҚК: Қазақстан Республикасы, 140300 Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылдық округі, Баянауыл ауылы, Х.Әбілғазин көшесі 15.
Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді