РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
17 октября, 2025

«Алтын күз» атты мерекелік шара өтті

2025 жылдың 17 қыркүйек күні Баянауыл көпсалалы колледжінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Алтын күз» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Бұл шара күз мезгілінің көркемдігі мен молшылығын дәріптеп, студенттердің шығармашылық қабілетін арттыруды мақсат етті.

Іс-шара конкурс форматында өтіп, оған колледждің 3 мамандығы бойынша 6 топ қатысты. Байқау төрт кезеңнен тұрды:

  1. Топты таныстыру
  2. Өз өнерлерін көрсету
  3. Күзгі икебанна құрастыру
  4. Викториналық сұрақ-жауап

Студенттер барынша дайындалып келген. Ән шырқалып, мың бұралған билер биленіп, түрлі-түсті күзгі жапырақтармен безендірілген шығармашылық икебанналар қойылды. Әр кезеңде қатысушылар өздерінің тапқырлығы мен өнерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шара соңында әділ қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

* 1 орын – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 2 курс студенттері

* 2 орын – «Дәнекерлеу ісі» мамандығы

* 3 орын – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» 1 курс және «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының 2 курс студенттері

Іс-шара барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды. Мұндай мерекелер студенттерді ұйымшылдыққа, шығармашылық ізденіске және белсенділікке баулиды. Алдағы уақытта да Баянауыл көпсалалы колледжінде осындай игі шаралар жалғасын таба бермек.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide