РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
13 октября, 2025

Баянауыл көпсалалы колледжінде «Электрондық еңбек биржасы» бойынша онлайн-курс өткізілді

2025 жылдың қыркүйек айында Баянауыл көпсалалы колледжінде жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары аясында «Электрондық еңбек биржасы» платформасын пайдалану бойынша арнайы онлайн-курс ұйымдастырылды.

Іс-шара ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Enbek ресурстарын дамыту орталығының «Сенің мансаптық бастауың: Электрондық еңбек биржасын қалай пайдалануға болады?» атты бастамасы негізінде өтті. Курстың мақсаты — колледж студенттерін «жұмыс іздеу», «жұмысқа орналасу дағдыларына» үйрету және «цифрлық еңбек нарығында бағдар табуға көмектесу.

Онлайн-курс Skills.Enbek платформасында 8 сабақтан тұрды және «тегін өтті. Курстың соңында барлық қатысушылар «қорытынды тест тапсырып», электронды сертификаттарға ие болды.

Колледждің 2-3 курс студенттері аталған курсқа белсенді қатысып, өздерінің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған білім мен дағдыларды меңгерді. Бұл – олардың кәсіби болашағы үшін маңызды қадамдардың бірі болып саналады.

Skills.Enbek платформасындағы онлайн-оқыту — заманауи еңбек нарығына сәтті қадам жасаудың сенімді құралы.

Онлайн-курс келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

* Қазақ тілінде: (https://skills.enbek.kz/ru/course-catalog/course/1057)

* Орыс тілінде: (https://skills.enbek.kz/ru/course-catalog/course/1056)

Колледж әкімшілігі мұндай пайдалы платформалармен жұмыс істеуді әрі қарай да жалғастырып, студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide