РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
12 ноября, 2025

Баянауыл көпсалалы колледжінде медицина қызметкерлерімен кездесу өтті

2025 жылдың 12 қарашасында Баянауыл көпсалалы колледжінде тәрбие жұмысы бағыты аясында маңызды тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны колледждің медбикесі Мұқашева Нагима Айтахановна ұйымдастырды. Кездесу барысында студенттерге медициналық мәдениетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жыныстық тәрбие тақырыптарында мазмұнды дәрістер мен тәжірибелік түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесудің негізгі қонағы — аудандық аурухананың жоғары санатты гинеколог-дәрігері Жунусова Гүлнар Алшиновна болды. Ол студенттерге «Жыныстық тәрбие және жеке жауапкершілік» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды. Дәріс барысында маман жасөспірімдердің жыныстық жетілу кезеңіндегі психологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне тоқталып, жеке бас гигиенасының маңызын атап өтті. Сонымен қатар, ерте жүктіліктің, түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, дәрігер барлығына жан-жақты жауап берді.
Іс-шараның келесі бөлімінде салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жауапты медицина қызметкері Амантай Еркежан Амантайқызы сөз алып, «Алғашқы медициналық көмек көрсету: студенттердің іс-әрекеті» атты презентациясын ұсынды. Презентация барысында ол түрлі төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету тәсілдерін көрсетіп, студенттермен бірге тәжірибелік жұмыс жүргізді. Қатысушылар жүрекке тікелей массаж жасау, жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсету сияқты маңызды әрекеттерді орындау жолдарын үйренді.
Кездесу жоғары деңгейде өтті. Студенттер пайдалы мәлімет алып, өздерін қызықтырған сауалдарға нақты жауап алды. Мұндай іс-шаралар жастардың медициналық сауаттылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратыны сөзсіз.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide