Баянауыл көпсалалы колледжінде студенттердің жаңа жылдық кеші өтті
25 желтоқсан күні Баянауыл көпсалалы колледжінде студенттердің қатысуымен жаңа жылдық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мереке арнайы әзірленген сценарий бойынша жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара барысында студенттер өз өнерлерін ортаға салып, әсерлі әндер шырқап, әсем билер биледі. Сонымен қатар, көңілді ойындар ойнатылып, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Студенттердің белсенділігі мен шығармашылығы мерекенің көркін аша түсті.
Мерекелік кеште колледж басшысы Асылхан Манарбекұлы сөз сөйлеп, барша ұстаздар мен студенттерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде өткен жылға қорытынды жасап, студенттердің білім, өнер, спорт және қоғамдық өмірдегі жетістіктерін ерекше атап өтті.
Жыл қорытындысы бойынша үздік атанған студенттер түрлі номинациялармен марапатталып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды. Бұл марапаттар жастарды алдағы уақытта да белсенді болып, жаңа жетістіктерге ұмтылуға ынталандырды.
Жаңа жылдық кеш студенттерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, есте қаларлық әсер қалдырды.