РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
30 сентября, 2025

«Білім алмасу» шеберлік-сыныбы

«Жұмысшы мамандықтар жылы» және техникалық және кәсіптік білім беру онкүндігі аясында «Баянауыл көпсалалы колледжінде» ерекше форматтағы іс-шара — «Білім алмасу» шеберлік-сыныбы өтті.

Шараның негізгі ерекшелігі — колледж студенттері өз ұстаздары мен қызметкерлеріне арналған шағын сабақтар өткізді.

 

Аталған шеберлік-сыныпты «Дәнекерлеу ісі» мамандығының студенті Ибрахим Ерхан  ұйымдастырып, шеберлігімен көзге түсті. Бұл жоба болашақ мамандардың тек кәсіби біліктілігін ғана емес, сонымен қатар педагогикалық қабілеттерін де дамытуды көздейді.

 

«Іс-шара мақсаты» — білімнің тек біржақты емес, өзара әрекеттесу арқылы қалыптасатынын көрсету. Студенттер педагогтерге, әкімшілік және техникалық қызметкерлерге 20 минуттық шағын сабақтар өткізіп, заманауи құралдарды (бейнемонтаж бағдарламалары, Gemini , Claude , Canva , GPT, подкаст жазу, TikTok жүргізу және т.б.) үйретті.

 

Бұл бастама ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, өзара құрмет пен сенімді арттырады. Сондай-ақ студенттердің көшбасшылық қасиеттерін шыңдап, оларды болашақ тәлімгер ретінде қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide