«Болашақ біздікі» атты облыстық іс-шара
23 Қазан 2025 жылы Павлодар облысында жастар саясаты мен патриоттық тәрбиелеу жөніндегі облыстық кеңесінің ұйымдастыруымен «Жастар TALK» форматында үлкен кездесу өтті.
Іс-шараға Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қатысып, жастармен ашық диалог жүргізіп, өңірдің дамуына жастардың қосар үлесі мен олардың қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғады. Бұл кездесу жас буынның қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды бастама болды.
Іс-шараға Баянауыл колледжінің Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану мамандығының белсенді 2 курс студенттері Сериков Серікжан мен Кутайлаков Дамир де қатысып, өз әсерлерімен бөлісті. Олар Баянауыл аудандық жастар бөлімінің бастамасымен аталған іс-шараға қатысып, оны жоғары бағалады.
Бұл кездесуде сондай-ақ «Kásip Zhuldyzy-2025» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздар арасында әртүрлі сала өкілдері болды:
- «Өнеркәсіп» номинациясы бойынша Полякова Александра Игоревна, «Горводоканал» кәсіпорнының инженер-лаборанты;
- «Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу» саласында Сарсембаев Мади Серікпайұлы, «Агата» шаруашылығының агрономы, Ақсу қаласы;
- «Медицина» номинациясында Сапарғалиев Арыстан Бақбергенұлы, Теренкөл аудандық ауруханасының фельдшері;
- «Білім беру» саласында Айтмағамбетова Гүлмира Қылышбайқызы, Қызылжар орта мектебінің тәрбиешісі, Ертіс ауданы;
- «Көлік және логистика» бойынша Качегина Ольга Викторовна, «Трамвай басқармасы» АҚ трамвай жүргізушісі, Павлодар қаласы.
Барлық жеңімпаздарға заманауи үлгідегі теледидарлар табысталды, бұл олардың еңбегін бағалаудың тамаша тәсілі болды.
Жеңімпаздар мен қатысушылар арасындағы қарым-қатынас жастардың өз әлеуетін іске асыруда үлкен маңызға ие. Еңбекқор жастар – өңірдің дамуы мен болашағының кепілі!