РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus

Баянауыл көпсалалы колледжінде нашақорлыққа қарсы ақпараттық акция өтті

Баянауыл көпсалалы колледжінде оқу орнының белсенді жастарының бастамасымен нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық акция ұйымдастырылды. Іс-шара жастар арасында зиянды әдеттердің зияны туралы түсінікті арттырып, дұрыс өмірлік таңдауға бағыттауға арналды.

Акция барысында колледждің белсенді студенттері оқу корпустары мен жатақхана аумағында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құрдастарына нашақорлықтың денсаулыққа, болашаққа және қоғамға тигізетін теріс әсерлері туралы ақпарат берді. Студенттер арнайы дайындалған «Нашақорлыққа қарсымыз» атты ақпараттық бюллетеньдер таратып, есірткіге қарсы тұрудың маңыздылығын түсіндірді.

Шараның негізгі мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, олардың санасында денсаулықтың құндылығын нығайту және зиянды әдеттерден сақ болу қажеттігін көрсету болды. Акцияға қатысушылар спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, бос уақытты тиімді өткізу және жағымды орта қалыптастырудың жастар өміріндегі рөліне тоқталды.

Колледж әкімшілігі мен тәлімгерлер жастардың бастамасын қолдап, мұндай іс-шаралардың оқушылардың жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіз орта қалыптастыруға зор үлес қосатынын атап өтті.

Өрт пен төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс ұйымдастырылды

Баянауыл ауылдық округі әкімшілігі, Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және Жастар орталығының волонтёрлары Баянауыл көпсалалы колледжінің студенттерімен бірлесе отырып, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Ақпараттық шара барысында мамандар азаматтарға тұрмыста өрттің алдын алу тәсілдері, электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптары және жылыту маусымына қатысты ықтимал қауіптер туралы жан-жақты мәлімет берді.

Сонымен қатар үйлерге орнатылған улы газ датчиктері тексеріліп, олардың дұрыс жұмыс істеуі бақылаудан өтті. Тұрғындарға датчиктердің қажеттілігі, оларды пайдалану қағидалары және төтенше жағдай орын алған кезде атқарылуға тиіс іс-әрекеттер түсіндірілді. Бұл шараның басты мақсаты – қауіпті жағдайлардың алдын алу және халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыру болып табылады.