Қазақстанда экстремистік ұйымдарға тиесілі материалдарды жариялау немесе қайта жариялау әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде экстремистік топтардың қызметін ұйымдастыруға және оларға қатысуға, сондай-ақ, экстремистік материалдарды таратқаны үшін 405-бап бар.
Егер адам, Интернет арқылы, экстремистік ұйымдардың материалдарын таратса және олардың таралуына ықпал етсе, сондай-ақ экстремистік топтардың қызметіне қатысса, егер адамның әрекеттері зорлық-зомбылыққа, терроризмге немесе басқа да заңсыз әрекеттерге шақырумен байланысты болса, ол 16 жастан бастап әртүрлі жаза түрлеріне тартылады… Осы тақырыпта Баянауыл колледжінде студенттер арасында осы тақырыпқа арналған бейнеклип көрсетіліп, дәріс өткізілді.