РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus

Республика күніне арналған танымдық кеш

2025 жылдың 24 қазан күні Баянауыл көпсалалы колледжінде 25 қазан — Республика күніне орай танымдық кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты — студенттердің отансүйгіштік рухын арттыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру және тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін дәріптеу болды.

Кештің басында колледждің өндірістік жұмыстар жөніндегі басшы орынбасары Толеубеков Ерқанат Мубаракович сөз алып, барлық ұжымды және студенттерді алдағы Республика күні мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде бұл күннің ел тарихындағы айрықша маңызын атап өтіп, егемен еліміздің жеткен жетістіктері мен қоғамдағы бірліктің маңызын ерекше атап өтті.

Кеш барысында колледждің тәрбие жұмысы жөніндегі басшы орынбасары Алтаев Қайрат Жұматович студенттерге арнайы дайындаған слайдтық таныстырылымын ұсынып, мемлекеттік Рәміздердің мәні мен мағынасы, сондай-ақ Республика күні мерекесінің тарихы мен идеялық негізі туралы мазмұнды әңгіме жүргізді. Ол Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны — ел егемендігінің, тәуелсіздігі мен тұтастығының айғағы екенін түсіндірді.

Іс-шараға қатысқан студенттер мен оқытушылар еліміздің тәуелсіздігі, ұлттық бірегейлік және елжандылық туралы өз ойларымен бөлісті. Танымдық кеш барысында бейнематериалдар көрсетіліп, сұрақ-жауап форматында шағын талқылау өтті.

Мерекелік кездесудің соңында ұйымдастырушылар студенттерді елдің дамуына үлес қосуға, мемлекеттік құндылықтарды қастерлеуге және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Баянауыл көпсалалы колледжінде осындай іс-шаралардың өткізілуі жастардың бойында патриоттық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға зор үлес қосады.

«Болашақ біздікі» атты облыстық іс-шара

23 Қазан 2025 жылы Павлодар облысында жастар саясаты мен патриоттық тәрбиелеу жөніндегі облыстық кеңесінің ұйымдастыруымен «Жастар TALK» форматында үлкен кездесу өтті.

Іс-шараға Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қатысып, жастармен ашық диалог жүргізіп, өңірдің дамуына жастардың қосар үлесі мен олардың қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғады. Бұл кездесу жас буынның қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды бастама болды.

Іс-шараға Баянауыл колледжінің Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану мамандығының белсенді 2 курс студенттері Сериков Серікжан мен Кутайлаков Дамир де қатысып, өз әсерлерімен бөлісті. Олар Баянауыл аудандық жастар бөлімінің бастамасымен аталған іс-шараға қатысып, оны жоғары бағалады.

Бұл кездесуде сондай-ақ «Kásip Zhuldyzy-2025» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздар арасында әртүрлі сала өкілдері болды:

  • «Өнеркәсіп» номинациясы бойынша Полякова Александра Игоревна, «Горводоканал» кәсіпорнының инженер-лаборанты;
  • «Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу» саласында Сарсембаев Мади Серікпайұлы, «Агата» шаруашылығының агрономы, Ақсу қаласы;
  • «Медицина» номинациясында Сапарғалиев Арыстан Бақбергенұлы, Теренкөл аудандық ауруханасының фельдшері;
  • «Білім беру» саласында Айтмағамбетова Гүлмира Қылышбайқызы, Қызылжар орта мектебінің тәрбиешісі, Ертіс ауданы;
  • «Көлік және логистика» бойынша Качегина Ольга Викторовна, «Трамвай басқармасы» АҚ трамвай жүргізушісі, Павлодар қаласы.

Барлық жеңімпаздарға заманауи үлгідегі теледидарлар табысталды, бұл олардың еңбегін бағалаудың тамаша тәсілі болды.

Жеңімпаздар мен қатысушылар арасындағы қарым-қатынас жастардың өз әлеуетін іске асыруда үлкен маңызға ие. Еңбекқор жастар – өңірдің дамуы мен болашағының кепілі!