РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus

Баянауыл көпсалалы колледжі командасы — аудандық квест ойынында үздік атанды

Қазақстан Республикасы күніне орай Қ.И.Сәтбаев мұражайында мекемелер арасында ұйымдастырылған аудандық квест ойынында Баянауыл көпсалалы колледжінің командасы жоғары нәтиже көрсетіп, барлық кезеңдерде үздік көрсеткіштерге қол жеткізді.

Жарыс барысында колледж ұжымы өздерінің ұйымшылдығын, тапқырлығын және кәсіби шеберлігін таныта білді. Қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындау кезінде ерекше белсенділік танытып, білімдері мен дағдыларын тиімді қолданды.

Нәтижесінде Баянауыл көпсалалы колледжінің командасы «Квест үздігі» номинациясын жеңіп алды.

Команда құрамында жас мамандар:

  1. Даныбай Саят Зайркенұлы — «Дәнекерлеу ісі» мамандығының өндірістік оқыту шебері,
  2. Ермек Айдос Нұрсағатұлы — «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының өндірістік оқыту шебері,
  3. Зейнуллин Батырхан Нуржанович — «Дәнекерлеу ісі» мамандығының II курс студенті болды.

Аталған іс-шара жас мамандар мен студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұжымдық рухты нығайтуға және ел тарихына деген құрмет сезімін арттыруға бағытталды.

Баянауыл көпсалалы колледжі ұжымы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да табысты еңбек пен жаңа жетістіктер тілейді!

Біліктілік – үздіксіз дамуда: өндірістік оқыту шебері біліктілігін арттыруда

Баянауыл көпсалалы колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жатқан болашақ аспаздар мен кондитерлерге сапалы тәжірибелік білім беру – басты мақсаттардың бірі. Бұл бағытта колледждің өндірістік оқыту шеберлері үнемі ізденіс пен даму үстінде.

2025 жылдың 20 қазанынан бастап, өндірістік оқыту шебері Кошанова Кызылгүл Бахтыбаевна елордасы Астана қаласындағы «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» ШЖҚ МКК базасында өтетін екі апталық «Тамақтандыру саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсына қатысуда.

Аталмыш курс аясында Кошанова Кызылгүл Бахтыбаевна қоғамдық тамақтану саласындағы заманауи әдістер мен талаптарға сай аспаздық және кондитерлік бағыттарда білімін тереңдетіп, тәжірибесін толықтыруда. Сабақ барысында өндірістік жағдайларға бейімделген инновациялық тәсілдер мен заманауи тағам әзірлеу технологиялары қарастырылып, шеберлік пен іскерлік дағдылар шыңдалуда.

Біліктілікті арттыру – педагогтің кәсіби дамуының маңызды бөлігі ғана емес, сонымен қатар студенттердің де сапалы білім алуына ықпал ететін маңызды тетік. Курстан алған жаңашыл білім мен тәжірибе алдағы уақытта оқу үдерісіне енгізіліп, білім алушылардың практикалық машығын одан әрі жетілдіруге жол ашады.

Колледж ұжымы атынан Кошанова Кызылгүл Бахтыбаевнаға сәттілік тілейміз! Ізденіс пен кәсіби өсудің жарқын үлгісі бола беріңіз!