РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus

Сталкинг – заңмен жазаланатын қылмыс

Сталкинг — жеке өмірге қол сұғу және психологиялық қысым көрсету арқылы жасалатын заңсыз әрекет. Рұқсатсыз хабарламалар жіберу, қайта-қайта қоңырау шалу, әлеуметтік желіде бақылау жасау немесе адамның соңынан жүру — құқық бұзушылық болып саналады. Әр азаматтың жеке шекарасын қорғау — заңмен бекітілген құқығы. Қауіп төнген жағдайда үнсіз қалмай, тиісті органдарға немесе сенімді адамдарға жүгіну маңызды. Сталкингке қарсы күрес — өзіңді және жақындарыңды қорғаудың тиімді жолы.

Осы бағытта 13 ақпан күні «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Баянауыл көпсалалы колледжі оқытушысы Кунгожина Зару Каскирбаевна ТҰ-12 тобы студенттерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында сталкинг қылмысының белгілері, оның алдын алу шаралары және құқықтық жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.

Студенттер арасында пікірталас ұйымдастырылып, жастар өз ойларын ортаға салып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды. Мұндай шаралар жас буынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Сүйінші! Колледж студенттері облыс чемпионы атанды! 

2026 жылғы 15 ақпанда Павлодар қаласында «Қайсар» клубы базасында жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында гір спортынан облыс чемпионаты өтті. Аймақ біріншілігін Павлодар облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу жөніндегі спорт клубы ұйымдастырды. Турнир тәжірибе мен жастық жігерді, күш пен төзімділікті тоғыстырды — түрлі буын спортшылары ең мықты атану үшін сынға түсті.

Жарыстар классикалық жаттығулар — серпе көтеру (толчок) және жұлқа көтеру (рывок) бойынша өтті. Залда нағыз бәсекелік атмосфера қалыптасты: әрбір гір көтеру көрермендердің қолдауымен сүйемелденіп, тартыстың тағдырын спортшылардың мінезі мен шеберлігі шешті.

Баянауыл көпсалалы колледжінен «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының III курс студенттері Серіков Серікжан Саматович және Кутайлаков Дамир Жанатович қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша Серіков Серікжан жастар арасында +58 кг-да, Павлодар облысы бойынша гір тасын серпе көтеруден I орын, гір тасын жұлқа көтеруден I орын, 80 кг салмақта қол күресінен I орын  алды. Ал Кутайлаков Дамир +73 кг-да, гір тасын серпе көтеруден I орын, гір тасын жұлқа көтеруден II орын ие болды. Спортшыларымызды колледж оқытушылары мен студенттері атынан құттықтаймыз және толағай табыстар тілейміз!!!

Турнир жеңімпаздарды анықтаумен қатар, өңірде гір спортын насихаттауға және салауатты өмір салтын дамытуға маңызды үлес қосты.