05 желтоқсан күні «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында Баянауыл көпсалалы колледжінде аудандық Жастар бөлімінің бастамасымен «Өз ісінің шебері» атты аудандық конкурс ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – құрылыс саласы бойынша білім алып жатқан студенттердің кәсіби дайындығын нығайту, шеберліктерін шыңдау және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.
Конкурсқа «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының 2 және 3 курсында оқитын, барлығы алты студенттен құралған 3 команда қатысты. Байқау екі модульден тұрды:
- теориялық білімдерін тексеру,
- тәжірибелік жұмыс, онда жребий арқылы кірпіш қалаудың үш түрлі тәсілі ұсынылды.
Байқауға тәуелсіз төрелік жасаған қазылар алқасы:
- Жастар бөлімінің басшысы Ильдин Ринат Қуатжанұлы,
- «СМУ Астана LTD» ЖШС өкілі Мұкашев Серік Құмарұлы,
- Құрылыстың технологиясы мен сапасын бақылау бөлімінің маманы Рахимов Марат Кинашевич.
Қазылар шешімі бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын – Тутанов Қуанышбек пен Сарбасов Жумагелді,
2 орын – Серіков Серікжан мен Қутайлаков Дамир,
3 орын – Молдабаев Ардақ пен Серік Арман.
Қатысушылар дипломдар мен грамоталарға ие болып, Жастар орталығынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар әлеуметтік серіктестерге ерекше алғыс білдіреміз:
- құрылыс шеберханасына жұмыс орнын ұйымдастыруға қолдау көрсеткен «СМУ Астана LTD» ЖШС ұжымына;
- қатысушыларды киім және сыйлықтармен қамтамасыз еткен Жастар орталығына.
Бұл конкурс студенттердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, өңірде жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын айқындап, жастардың құрылыс саласына деген қызығушылығын күшейте түсті.