18 мая, 2025
Дөңгелек үстел

Қоғамдағы еңбек адамының мерейін өсіріп, ынталандыру үшін Үкімет биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялаған болатын.
Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі Халықаралық музейлер күні қарсаңында жұмысшы мамандықтар жылын қолдау аясында Баянауыл көпсалалы колледжінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Еңбекке де ептілік қажет» атты дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты — халыққа жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңыздылығын ұғындыру мен түсіндіру болса, олардың шығу мен даму тарихы және бүгінгі рөлін насихаттау болып табылады.