Дроппер
Дроппер — бұл алаяқтар ұрлаған ақшаны өзінің банк картасы арқылы өткізетін адам. Дроппер өз жұмысы үшін банк картасы арқылы аударылған ақшаның пайызын ала алады.
Онлайн-алаяқтықты тергеу кезінде тергеушілер бірінші кезекте дропперлерге шығады. Әдетте, олар қылмыскерлердің сыбайлас қатысушыларына айналады және ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» 190-бабына сәйкес бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дроперство — бұл адамдарды заңсыз әрекеттер жасауға пайдаланатын тәсіл: алаяқтық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшамен алмасу, жалған аккаунттар ашу және заңсыз тауарларды тасымалдау..
Қалай алдануыңыз мүмкін: «Жеңіл табыс» үшін ақша аударуды немесе есепшот ашуды ұсынады. Ақырында, сіз қылмыстық схемаға қатысушы бола аласыз.
Қалай қорғануға болады: Жылдам табыс ұсынатын ұсыныстарға сенбеңіз және таныс емес адамдарға есепшот ашпаңыз.
Сақ болыңыз және алаяқтардан өзіңізді қорғаңыз! Осы тақырыпта Заң мен Тәртіп Концепиясына сәйкес Баянауыл колледжінде студенттер арасында арнайы бейнеклип көрсетіліп, дәріс өткізілді