Кәсіби дамуға бағыт – өндірістік оқыту шебері біліктілігін арттыруда
Сапалы кәсіптік білім – кәсіби шебер педагогтан басталады. Баянауыл көпсалалы колледжінде өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыруға үлкен көңіл бөлінеді. Себебі болашақ мамандардың тәжірибелік дағдылары тікелей осы ұстаздардың кәсібилігіне байланысты қалыптасады.
2025 жылдың 13 қазанынан бастап, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының өндірістік оқыту шебері Кунгожина Зару Каскирбаевна Павлодар қаласындағы Павлодар технологиялық колледжі базасында өтетін екі апталық «Білім беру саласында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жоғарылату» тақырыбындағы курсқа қатысуда.
Курс барысында Зару Каскирбаевна аспаздық және кондитерлік бағыттар бойынша білімін жетілдіріп, заманауи тағам әзірлеу технологияларымен, өндірістік оқытуды ұйымдастырудың жаңа әдістемелерімен танысуда.
Біліктілікті арттыру – педагогтің кәсіби дамуына жол ашып қана қоймай, студенттердің сапалы тәжірибе алуына тікелей ықпал етеді. Курс барысында жинақталған тәжірибе мен білім алдағы оқу үдерісіне тиімді енгізілетіні сөзсіз.
Колледж ұжымы атынан Зару Каскирбаевнаға сәттілік, шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!