16 мая, 2025
Кәсіби үгіт насихат жұмысы

Колледждің бекітілген жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 14-ші мамыр күні екінші мәрте Майқайын кентінде орналасқан №1 және №2 мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби үгіт-насихат жұмыстарымен колледж басшысы А.М.Мүбәрак және орынбасары Е.М.Толеубеков барып қайтты.
Кездесу барысында жұмысшы мамандықтар жылы жоспарланған жұмыстар туралы және жұмысшы мамандықтар туралы видеоролик көрсетіліп, арнайы басып шығарылған буклеттер таратылып, колледжге оқуға шақырамыз атты жарнамалар ілінді.
Қатысушы оқушылар тарапынан кездесу барысында бірқатар сұрақтар қойылып, бүгінгі колледж тыныс-тіршілігі туралы мәлімет берілді.