Кәсіби үгіт насихат жұмысы Лекер қажы ауылы және Жосалы ауылы

Колледждің қабылдау комиссиясы бекіткен жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 13-ші мамыр күні Ж.Аймаутов атындағы жалпы білім беретін және Лекер қажы ауылында орналасқан орта білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби үгіт-насихат жұмыстарымен колледж өндірістік оқыту шеберлері З.К.Кунгожина мен С.З.Даныбай барып қайтты.
Кездесу барысында жұмысшы мамандықтар туралы видеоролик көрсетіліп, арнайы басып шығарылған буклеттер таратылып, колледжге оқуға шақырамыз атты жарнамалар ілінді.
Толық жөндеуден өтіп жатқан мектептердің жағдайы көз қуантарлық екен. Оқушылар үшін барынша жағдай жасалуда.
Кездес барысында қатысушы оқушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, бүгінгі колледж тыныс-тіршілігі туралы мәлімет берілді.