РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
16 мая, 2025

Кәсіби үгіт насихат жұмысы — Қырықжылдық және Қаратомар ауылдары

Колледждің қабылдау комиссиясы бекіткен жоспарына сәйкес,  2025 жылдың 15-ші мамыр күні Б.Хайдаров  атындағы жалпы білім беретін және Қаратомар ауылында орналасқан жалпы орта білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби үгіт-насихат жұмыстарымен колледждің оқу жұмысы бойынша басшы орынбасары Н.М.Масакбаева және өндірістік оқыту шебері  К.М.Масакбаев барып қайтты.

Кездесу барысында жұмысшы мамандықтар туралы видеоролик көрсетіліп, арнайы басып шығарылған буклеттер таратылып, колледжге оқуға шақырамыз атты жарнамалар ілінді.

Кездесу барысында қатысушы оқушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, бүгінгі колледж тыныс-тіршілігі туралы мәлімет берілді.

Сонымен қоса, ауылдық әкімшілікпен бос жүрген және мамандықтары жоқ жастар туралы сұрастырып, бірқатар оқушылардың ата-аналарымен оқуға шақыру бойынша әңгіме жүргізді.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide