Кәсіби үгіт насихат жұмысы Құндыкөл және Ұзынбұлақ ауылдарында

Колледждің қабылдау комиссиясы бекіткен жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 30-шы сәуір күні Ә.Марғұлан атындағы Құндыкөл жалпы білім беретін және Е.Бекмаханов атындағы Ұзынбұлақ ауылында орналасқан жалпы орта білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби үгіт-насихат жұмыстарымен колледждің оқытушысы Қ.Ж.Алтаев және тәрбиеші Ж.К.Тукенов барып қайтты.
Кездесу барысында жұмысшы мамандықтар туралы видеоролик көрсетіліп, арнайы басып шығарылған буклеттер таратылып, колледжге оқуға шақырамыз атты жарнамалар ілінді.
Кездесу барысында қатысушы оқушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, бүгінгі колледж тыныс-тіршілігі туралы мәлімет берілді.
Сонымен қоса, ауылдық әкімшілікпен бос жүрген және мамандықтары жоқ жастар туралы сұрастырып, бірқатар оқушылардың ата-аналарымен оқуға шақыру бойынша әңгіме жүргізді.