РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus

«Volunteer time» жоба аясындағы «Greative Flow: өнері арқылы әлемді өзгерту» конкурсы

Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму Басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 14.04.2025 жылғы №12-06/105 хатына сәйкес, осы мекеменің ұйымдастыруымен, «Volunteer time» жоба аясындағы «Greative Flow: өнері арқылы әлемді өзгерту» конкурсы өтті. Конкусқа 2025 жылдың 25-ші сәуіріне дейін өтінімдер қабылданып, нәтижесі 5-ші мамыр жарияланды.

  • Конккурстың негізгі максаты: волонтёрліктің қоғамға әсерін шығармашылық арқылы көрсету, жастарды игі істер жасауға шабыттандырып, волонтёрлік қызметтің маңыздылығына назар аудару.
  • Негізгі міндеттері:
  • Еріктілік құндылықтарын көрсететін шығармашылық бастамаларын қолдау және дамыту; Өнер арқылы жастарды волонтёрлік қызметке тарту; Волонтёрлер ролі туралы қоғамның хабардарлығын арттыру.

«Volunteer time» жоба аясындағы «Greative Flow: өнері арқылы әлемді өзгерту» конкурсы екі номинация бойынша өткізілді:

  1. «Игі істер» — адамдарга көмек көрсетуді бейнелейтін жұмыстар (әлеуметтік волонтёрлік, қайырымдылык, мұқтаж адамдарды қолдау).
  2. «Экологиялық волонтёрлік»—табиғатты қорғауға, аумақтарды тазалауға, көгалдандыруға жене баста да эко бастамаларға  арналған суреттер.

Бұл конкурсқа колледжден 3 үміткер өтінім білдірді олар:

  1. Құсайын Индира Қанатқызы — «Экологнялық волонтёрлік» номинациясы бойынша;
  2. Мылтықбай Аяулым Амангелдіқызы- «Экологиялық волонтёрлік» номинациясы бойынша;
  3. Түсіпбай Баянсұлу Болатқызы — «Игі істер» номинациясы бойынша;

Конкурс нәтижесі бойынша қатысушыларымыз Құсайын Индира Қанатқызы және Түсіпбай Баянсұлу Болатқызы жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтармен және дипломмен марапатталса, Мылтықбай Аяулым Амангелдіқызына салған суретіне сертификат берілді.

Қатысушыларымызды колледж атынан құттықтап, алғысымызды білдіреміз!

WorldSkillsPavlodar-2025

Павлодар облысының білім басқармасының WorldSkillsPavlodar-2025 өңірлік кәсіби шеберлік конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы 18.02.2025 жылғы №2-02/117 бұйрығына сәйкес, «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы, «Тас қалаушы» біліктілі бойынша конкурс өтті. Конкурс Екібастұз қаласындағы «Екібастұз политехникалық колледжі» КМҚК-да болды. Конкурсқа Баянауыл көпсалалы колледжінің атынан осы мамандықтың 2-курс студенті Макажанов Серікжан Саматұлы қатысты. Жетекшісі 1-ші санаттағы өндірістік оқыту шебері және арнайы пәндер оқытушысы Масакбаев Кабылжан Максутович.

Аталған конкурсқа қаысушыларымыз 1 күн бұрын барып, жұмыс орнымен,тапсырмалар барысымен танысып, ойдағыдай қатысып келді.

Конкурс 28-29-ші сәуір 2025 жылы өтті. Конкурстық тапсырма кірпіштен күрделі құрылымды қалау болды. Қатысушымыз тапсырманы ойдағыдай орындап, өзін жақсы деңгейде көрсетті.