Біздің елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
12-шы сәуір «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық күні өткізілді. Тазалық күніне колледж ұжымы, студенттер қатысып, колледж ауласын жинап, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Колледж ауласы және колледжге қарасты аумақ тазаланып, ағаштардың бұталары кесіліп, түбірлері ақталды. Сенбілікке барлық қатысушылар белсене қатысын, білек түріп кірісті.