РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus

Өндірістік экскурсия

3-ші сәуір күні Баянауыл колледжі «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттері ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №1134 қаулысымен бектіліген Жұмыс мамандықтар жылын өткізіу жөніндегі іс-шаралар жоспарына және колледждің өндірістік жұмыстар жоспарына сәйкес, «Кошанова Саруар Замзамовна» Жеке кәсіпкер Наубайхана базасында және «Жумагельдин Усен Тимашевич» ЖК Мейрамхана «Ақниет» кәсіпорындарында болды. Келешек аспаз студенттері наубайханада нанның дайындалу және пісірілу технологиясымен танысты, ал Ақниет мерамханасында келушілерге қызмет көрсету және ас бөлмесінде кондитерлік және басқа да тағамдардың дайындалу барысын өз көздерімен көріп, жақсы әсер алып қайтты. Кәсіпорын басшылығына студенттер үшін жасаған мүмкіндіктеріне ерекше алғысымызды білдіреміз!

Мамандармен кездесу

2-ші сәуір күні Баянауыл аудандық «Мансап орталығының» жұмысқа орналастыру бөлімінің мамандары Бакенова Алия Кадыркешовна және Айтан Арнур Айтбайқызы «Баянауыл көпсалалы колледжінің» келешек түлектерімен кездесу өткізді.

Кездесу барасында «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары және «Ұрпақтар келісім шарт жобасы» туралы егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Сонымен қоса, жұмысқа орналасу, жұмыссыз ретінде тіркеуге тұру, түрлі бағдарламадағы қайтарымсыз несиелер алу және т.б. сұрақтар қойылды.

Студенттер білікті мамандардан сұрақтарына нақты жауап алып, пікір алмасты.
Келешекте осындай еркін ашық есік түріндегі кездесулер әлі де жалғасын таба бермек…