РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus

Келешек жоспар

Аудандағы сұранысты және өңіріміздің табиғи артықшылығын ескере отырып, «Орман шаруашылығы», «Туризм», «Қонақ үй бизнесі» мамандықтарын ашу мақсатында алғашқы қадам жасалды.

«Баянауыл көпсалалы колледжі» мен «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Іскерлік кездесу барысында оқу процесі, өндірістік оқыту мен өндірістік іс-тәжірибе, дуалды оқыту формасы, ғылыми және ғылыми-әдістемелік сипаттағы бірлескен іс-шараларды өткізу, өндірістен тәжірибелі мамандарды тарту, жұмысқа орналастыру және т.с.с мәселелер талқыланды.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі басшысы Жусупов Аждар Сагинтаевичқа қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз және келешекте бірлесе отырып табысты жұмыс істейміз деп үміттенеміз!!!

«Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша «Үздік кәсіп иесі» сайысы

2024 жылдың 22-ші қарашында колледжде дәстүрлі»Үздік кәсіп иесі» атты конкурс өтті. Аталған конкурс Дәнекерлеу ісі мамандығы Электргазымен дәнекерлеушілер арасында өткізілді. Конкурсқа алғашқы іріктеуден өткен 3 курс студент қатысты.

Конкурс барынша әділетті және бағалау нәтижесі тәуелсіз болу үшін әділ қазылар ретінде ардагер өндірістік шеберлеріміз Алибеков Темирбулат Сарсенович пен Тюлькин Серик Айткенович шақырылды.

Конкурс 3 кезеңнен тұрды: 1. Теориялық білімдерін тексеру, мұнда қатысушылар дәнекерлеу негіздері мен еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша тесттік тапсырмаларды орындады; 2. Берілген 2 модульді орындау, құбырды түйістіріп дәнекерлеу, пластинаға тік жағдайда үздіксіз жік; 3. Үй тапсырмасы, мұнда қатысушылар металдан еркін тақырыпта бұйым жасауы қажет болды.

Сайыс барынша қызықты, әрі тартысты болып нәтижесінде алғашқы орынды Тұрсынбай Құрмет иеленсе, екінші және үшінші орындар Елюбай Олжас пен Федосеев Андрейге бұйырды.