2024 жылдың 13-ші қарашында колледжде дәстүрлі»Үздік кәсіп иесі» атты конкурс өтті. Аталған конкурс «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы «Кондитер-безендірушілер» біліктілігі арасында өткізілді. Конкурсқа алғашқы іріктеуден өткен 3 курс студент қатысты.
Конкурс барынша әділетті және бағалау нәтижесі тәуелсіз болу үшін әділ қазылар ретінде ардагеріміз арнайы пәнде оқытушысы Кулумжанова Тоғжан Макажановна, осы мамандықтың кешегі түлектері, бүгінгі күні «Донер кебаб» сауда орындарының басшысы Жүсіпбай Әділ Исламұлы және «Ақниет» ресторанының жас аспазы Макен Жания, Жастар орталығының басшысы Ильдин Ринат Қуатжанұлы төрелік етті.
Конкурс 3 модульдан тұрды: 1. Пюре котлетпен; 2. Салат; Торт бисквит;
Сайыс барынша қызықты, әрі тартысты болып нәтижесінде алғашқы орынды Байгелова Гульзира иеленсе, екінші және үшінші орындар Тұрлыбек Асем және Сембекова Ардаққа бұйырды.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.