Киелі жерде — сенбілік

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өз жалғасын табуда. Наурыз айында колледж бен Баянауыл ұлттық табиғи паркпен өзара ынтымақтастық туралы жасалған меморандум кезінде кәсіпорын басшылығы осы акцияға ат салысуды өтініш білдірген болатын. Бұл ұсынысты колледж басшысы қуана қабыл алып, «Қоңыр әуле үңгірі» аумағының тазалығын көктемгі және күзгі уақытта өз жауапкершілігіне алатын болып уәделесті. Бұл студенттеріміз үшін экологиялық тәрбие бағытындағы іс-шара болғанымен, таза, әрі киелі жерге демалыс ретінде шығып тұрудың бір себебі.
19 сәуір осы істің орайы туып, колледж ұжымы мен студенттері Жасыбай аумағында орналасқан киелі «Қоңыр әуле» аумағын тазалап қайтты.
Ерекше құлшыныспен табиғаты көркем, ерекше киелі мекенді көрмегендер де болды. Тас төсемдерде өсіп кеткен шөптерді қырып, маңайдағы шашылған қоқыстарды алып, жұмысты аяқтаған соң студенттер табиғат аясында арнайы пісірілген ыстық тамақтарын ішіп, Қоңыр әулие үңгіріне көтерілді. Осы киелі жерге жауапты Курманов Алтынбек ағамыздың осы мекен туралы әңгімелерін тыңдап, берген батасы мен алғысын алып қайтты.