2 апреля, 2025
Мамандармен кездесу

2-ші сәуір күні Баянауыл аудандық «Мансап орталығының» жұмысқа орналастыру бөлімінің мамандары Бакенова Алия Кадыркешовна және Айтан Арнур Айтбайқызы «Баянауыл көпсалалы колледжінің» келешек түлектерімен кездесу өткізді.
Кездесу барасында «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары және «Ұрпақтар келісім шарт жобасы» туралы егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Сонымен қоса, жұмысқа орналасу, жұмыссыз ретінде тіркеуге тұру, түрлі бағдарламадағы қайтарымсыз несиелер алу және т.б. сұрақтар қойылды.
Студенттер білікті мамандардан сұрақтарына нақты жауап алып, пікір алмасты.
Келешекте осындай еркін ашық есік түріндегі кездесулер әлі де жалғасын таба бермек…