WorldSkillsPavlodar-2025

Павлодар облысының білім басқармасының WorldSkillsPavlodar-2025 өңірлік кәсіби шеберлік конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы 18.02.2025 жылғы №2-02/117 бұйрығына сәйкес, «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы, «Тас қалаушы» біліктілі бойынша конкурс өтті. Конкурс Екібастұз қаласындағы «Екібастұз политехникалық колледжі» КМҚК-да болды. Конкурсқа Баянауыл көпсалалы колледжінің атынан осы мамандықтың 2-курс студенті Макажанов Серікжан Саматұлы қатысты. Жетекшісі 1-ші санаттағы өндірістік оқыту шебері және арнайы пәндер оқытушысы Масакбаев Кабылжан Максутович.
Аталған конкурсқа қаысушыларымыз 1 күн бұрын барып, жұмыс орнымен,тапсырмалар барысымен танысып, ойдағыдай қатысып келді.
Конкурс 28-29-ші сәуір 2025 жылы өтті. Конкурстық тапсырма кірпіштен күрделі құрылымды қалау болды. Қатысушымыз тапсырманы ойдағыдай орындап, өзін жақсы деңгейде көрсетті.