WorldSkillsPavlodar-2025 «Кондитер-безендіруші»

Павлодар облысының білім басқармасының WorldSkillsPavlodar-2025 өңірлік кәсіби шеберлік конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы 18.02.2025 жылғы №2-02/117 бұйрығына сәйкес, 5-ші мамыр 2025 жылы «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, «Кондитер-безендіруші» біліктілі бойынша конкурс өтті.
Конкурс Павлодар қаласындағы «Павлодар сервис және тамақтану колледжі» КМҚК-да болды. Конкурсқа Баянауыл көпсалалы колледжінің атынан осы мамандықтың 1-курс студенті Құсайын Индира Қанатқызы қатысты. Жетекшісі 2-ші санаттағы өндірістік оқыту шебері және арнайы пәндер оқытушысы Кунгожина Зару Каскирбаевна.
Конкурс 3 модулдан тұрды: 1. Кондитерлік өнімдер және шоколад; 2. Қырымен орналастырылған бисквит торты; 3. Құпия тапсырма (Жеңістің 80 жылдығына орай ойластырылған шалғындағы солдат).
Конкурсқа облыстық колледждерден түскен 7 өтінімге сәйкес, 7 колледж қатысушысы қатысты. Конкурс барынша тартысты, әрі қызықты өтті, қатысушылар бұл сайыстан іскерлік тәжірибе жинап, жақсы көңіл күймен келді.
Аталған конкурс нәтижелері мамыр айының аяғында белгілі болады. Қатысушымызға сәттілік тілейміз!