3 октября, 2025
Колледж студенттері оқытушыларын ерекше көңіл күймен құттықтады
Бүгін колледжде ерекше әрі шуақты таң басталды. Студенттер сүйікті оқытушыларын ерекше ықыласпен қарсы алып, оқу орнының кіре берісінде арнайы құттықтау мен жылы лебіздерін білдірді. Әр ұстазды гүлдермен, шапалақпен және қуанышқа толы жүздерімен қарсы алған жастар мерекелік көңіл күй сыйлады.
Сондай-ақ студенттер ұстаздарының әр сабағына кіріп, шағын сыйлықтар мен алғыс сөздерін арнады. Бұл игі бастама оқытушылардың көңілін көтеріп, студенттер мен ұстаздар арасындағы байланыс пен құрметті одан әрі нығайтты.
Осылайша, колледжде өткен бұл ерекше күн көпшілікке жылы әсер қалдырып, ұстаз еңбегінің маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.