«Мерекелік мини-футбол сайысы»
Бүгін Баянауыл көпсалалы колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай колледжішілік мини-футбол жарысы ұйымдастырылды. Спорттық шараның басты мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бірлік пен достық қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ мерекелік көңіл-күй қалыптастыру болды.
Жарысқа барлығы 7 команда қатысты: колледждің 6 студенттік командасы және оқытушылар құрамы. Командалар топтық және шешуші кезеңдерде бақ сынасып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әрбір команда жоғары дайындықпен келіп, өзара шеберліктерін танытты.
Тартысты өткен дода нәтижесінде:
- I орын – Оқытушылар командасы
- II орын – Электргазымен дәнекерлеушілердің ересек командасы
- III орын – Электргазымен дәнекерлеушілердің жастар командасы
Жеңімпаз командалар дипломдармен және арнайы марапаттармен құттықталды.
Бұл спорттық іс-шара Тәуелсіздік мерекесінің мәнін арттыра түсті және колледж ұжымының ұйымшылдығын тағы бір мәрте көрсетті.