Оқу жұмысы бойынша басшы орынбасары
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Баянауыл көпсалалы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оқу жұмысы бойынша басшы орынбасары ставкасы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
1 штаттық бірлік
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Баянауыл көпсалалы колледжі» КМҚК орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140300 Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылдық округі, Баянауыл ауылы, Х.Әбілғазин көшесі,15. Телефоны 8(71840)9-25-12, bayankk@mail.kz
Кәсіпорын қызметі: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.02.21 № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары тәртібіне сәйкес өткізіледі.
Еңбек жалақысы: 192190-227229 теңге, еңбек өтілі мен санатына байланысты.
Қатысушыларға қойылатын талаптар конкурс:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының (директорының) оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру ұйымының жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымының қызметін ұйымдастырады;
оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлар әзірлеуді жүзеге асырады;
білім беру ұйымы жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырады, оқу жоспарлары мен білім беру, үлгілік оқу бағдарламаларын орындау бойынша оқытушылардың жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді;
білім беру бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын әзірлеуге жәрдемдеседі, оқу жылына педагогтердің тарификациялық тізімін әзірлейді, педагогтің бір жылдағы оқу уақытын есепке алу ведомосының толтырылуын бақылайды;
оқу процесінің сапасын, оқу жоспары мен бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
білім алушыларды ағымдағы бақылауға, аралық және қорытынды аттестаттауға дайындау және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады және оған қатысады, оларды басшыға ұсынады;
педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады;
педагог қызметкерлерді аттестаттауды дайындауға және өткізуге қатысады;
оқу кабинеттері мен зертханаларды қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың жаңа құралдарымен жарақтандыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
оқытудың инновациялық технологияларын зерделейді, таратады және практикаға енгізеді;
ғылыми-әдістемелік кеңестерді, семинарларды, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
оқу жұмысы бойынша есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын, дұрыстығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары орынбасарларының біліктілікті беру( растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;
білім алушылар, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдары;
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, басқарудың инновациялық әдістері;
экономика негіздері, құқық, қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
252. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
немесе білім беру ұйымының «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» біліктілік санатының болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін өтініштері мен құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында немесе «Баянауыл көпсалалы колледжі» КМҚК интернет ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы, 140300 Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылдық округі, Баянауыл ауылы, Х. Әбілғазин көшесі, 15 «Баянауыл көпсалалы колледжі» КМҚК немесе bayankk@mail.kz электрондық поштаға электрондық түрде ұсынылады.
Конкурс Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Баянауыл көпсалалы колледжі» КМҚК: Қазақстан Республикасы, 140300 Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылдық округі, Баянауыл ауылы, Х.Әбілғазин көшесі 15.
Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді