РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
20 февраля, 2026

Отан алдындағы борыш – қасиетті міндет

2026 жылғы 20 ақпанда Баянауыл көпсалалы колледжі білім алушылары үшін маңызды кездесу ұйымдастырылды. Колледжде әскери борышын өтеуге міндетті жастармен Баянауыл ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жұмылдыру бөлімшесінің басшысы Макаров Нұрбол Серікович кездесу өткізді.

Кездесу барысында Отан алдындағы қасиетті борыш, әскери қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндірілді. Жастарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметтің тәртібі, әскерге шақыру кезеңдері және әскери дайындықтың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы мәліметтер берілді.

Сонымен қатар, әскери қызметтің жас азаматтардың бойында тәртіп, табандылық, жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыратыны атап өтілді. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Мұндай тағылымды кездесулер жастардың патриоттық рухын нығайтып, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді. Отан қорғау – әр азаматтың абыройлы міндеті екені тағы бір мәрте айқындалды.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide