Павлодар облысы ауылдық колледждері арасында «Bocuse d’Or» өңіраралық кәсіби конкурсы өтті
4 желтоқсан күні Павлодар облысының ауылдық колледждері 2025–2027 жылдарға арналған өзара ынтымақтастық іс-шаралар жоспары аясында Тереңкөл аграрлық-техникалық колледжінде кәсіптік оқыту шеберлері арасында «Аспаздық» құзыреті бойынша «Bocuse d’Or» өңіраралық кәсіби конкурсы ұйымдастырылды.
Байқау ережесі қатысушыларға құпия түрде екі күн бұрын ғана ұсынылып, олар үш модуль бойынша тағамдар әзірлеуі тиіс болды:
Модуль 1 – Жасымық сорпасы;
Модуль 2 – Қуырылған көкөністер қосылған сиыр еті стейкі;
Модуль 3 – Шағын асшаяндардан дайындалған тәбет ашар тағам.
Өңіраралық додаға жалпы 7 колледж қатысты. Әрбір қатысушы өз шеберлігін, аспаздық дағдысын және уақытты тиімді жоспарлау қабілетін көрсетуге мүмкіндік алды.
Аталған беделді конкурсқа біздің оқу орнымыздан өндірістік оқыту шебері Кошанова Кызылгүл Бахтыбаевна қатысып, өз кәсіби тәжірибесі мен шеберлігін танытты.
Қазылар алқасының бағалауы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын – Тереңкөл аграрлық-техникалық колледжі,
II орын – Ертіс аграрлық-техникалық колледжі,
III орын – Железинка аграрлық-техникалық колледжі.
Бұл іс-шара аймақ колледждері арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтып, аспаздық құзыретті дамытуға серпін берді. Конкурс қатысушылары өзара тәжірибе алмасып, болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.