«Тек еңбекке үлкен адам бар» атты танымдық кеш өтті
25 қыркүйек 2025 жылы – «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Баянауыл аудандық кітапханасында «Тек еңбекке үлкен адам бар» атты танымдық-шығармашылық кеш өтті. Еңбектің қадір-қасиетін ұлықтауға бағытталған бұл шараға еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандықтардың өкілдері, сондай-ақ Баянауыл көпсалалы колледжінің студенттері қатысты.
Шара барысында қатысушылар еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін тағылымды әңгімелер айтты. Еңбек ардагерлері өз кәсібіне деген адалдық пен табандылықтың арқасында жеткен жетістіктерін әңгімелеп, жастарды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке шақырды.
Бұл кеш – жастар мен аға буын арасындағы рухани байланыс пен кәсіби сабақтастықты нығайта түскен тағылымды кездесу болды. Аталған шара еңбек адамының қоғамдағы рөлі мен беделін арттыруға бағытталған