17 октября, 2025
«Заңсыз діни білім» тәрбиелік сағаттары
«Заңсыз діни білім дегеніміз – мемлекеттің рұқсатынсыз, тіркелмеген діни мекемелерде немесе күмәнді тұлғалар арқылы берілетін діни оқыту. Мұндай білім көбіне радикалды идеологияны таратуға, жастарды теріс жолға бағыттауға себеп болуы мүмкін.
Осыған байланысты, 2025 жылдың 16 қазанында Баянауыл көпсалалы колледжінде студенттерге «Заңсыз діни білім» тақырыбында видеоролик көрсетіліп, бұл құбылыстың қауіптілігі мен оның алдын алу жолдары түсіндірілді. Шара барысында қатысушылар сауалдарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.»