РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
29 сентября, 2025

«Жұмысшы мамандық – ел тірегі!»

Бүгін Баянауыл көпсалалы колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» және кәсіптік-техникалық білім онкүндігі аясында ерекше форматта спорттық-шығармашылық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара колледж ұжымының бірлігін арттырып, жастарды салауатты өмір салты мен шығармашылыққа баулу мақсатында өткізілді.

 

Іс-шараға оқытушылар мен студенттерден құралған 5 команда қатысты. Әр команда өздерінің күш-қайратын, тапқырлығын және өнерін ортаға салып, түрлі спорттық эстафеталар мен шығармашылық байқауларда бақ сынасты. Командалар арасында белсенділік жоғары болды, қатысушылар ұйымшылдық пен командалық рухты таныта білді.

 

Іс-шара барысында көрермендер көңілді атмосфераға бөленіп, қатысушылардың өнері мен шеберлігін тамашалады. Сонымен қатар, шара барысында жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы мен қоғамдағы рөлі жайлы танымдық мәліметтер де айтылып, студенттердің болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру көзделді.

 

Іс-шара соңында белсенді қатысушылар мен жеңімпаз командалар арнайы марапаттарға ие болды. Мұндай шаралар колледж өміріне серпін беріп қана қоймай, болашақ мамандардың жан-жақты дамуына үлкен септігін тигізеді.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide