Жаңа жыл қарсаңында үздік студенттер мен оқытушылар марапатталды
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Баянауыл көпсалалы колледжінде студенттер мен оқытушыларды марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жыл бойы оқу, қоғамдық және спорттық өмірде белсенділік танытып, ерекше жетістіктерге жеткен жандарды ынталандыру және еңбектерін бағалау болды.
Салтанатты жиында үздік оқытушылар мен белсенді студенттерге алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Олардың қатарында колледждің қоғамдық өміріне белсене араласып, білім мен тәрбие саласында жоғары жауапкершілік танытқан азаматтар бар.
Сонымен қатар, аудандық спорт бөлімі тарапынан жыл қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен студент марапатталды. Жыл бойы оқу үлгерімімен қатар қоғамдық және спорттық іс-шараларға белсене қатысып, жауапкершілігі мен үлгілі іс-әрекеті арқылы дараланған Серік Серікжан «Жыл студенті» және «Жыл спортшысы» номинациялары бойынша марапатқа ие болды.
Бұл марапаттар жастарды жаңа жетістіктерге жетелеуге, өз мүмкіндіктерін толық пайдалануға және қоғам өміріне белсенді араласуға үлкен серпін берді. Жиын жылы лебіздермен және жаңа жылдық құттықтаулармен қорытындыланды.