22 октября, 2026
Баянауыл көпсалалы колледжінің студенті – «Жасыл Ел» маусымының «Үздік сарбазы»!
Баянауыл көпсалалы колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығының 3-курс студенті Назипов Алексей Сергеевич үлкен марапатқа ие болды!
«Таза Қазақстан» жалпыұттық экологиялық акциясы аясында өткен «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының XXII еңбек маусымының қорытындысы бойынша Алексей «ҮЗДІК САРБАЗ» номинациясымен марапатталды.
Бұл жоғары марапатты оған еңбекқорлығы мен белсенділігі үшін Павлодар облысы әкімінің орынбасары А. Маликова табыстады.
Студентімізді жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Алексейдің бұл жетістігі – колледжіміздің абыройын асырған зор мақтаныш. Алдағы оқуы мен еңбегіне толағай табыстар, жаңа белестер тілейміз!