Шығармашылық серпін: Колледж оқытушысы Кошанов Ернар облыстық мобилографтар байқауында марапатталды
Баянауыл көпсалалы колледжі оқытушыларының шығармашылық пен цифрлық технологиялар саласындағы жетістіктері артып келеді. Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған облыстық мобилографтар арасындағы «Tourism Vision: саяхатшының көзімен бейне» байқауы өз мәресіне жетті.
Аталған облыстық сайысқа колледж оқытушысы Кошанов Ернар белсенді қатысып, өңірдің туристік әлеуетін көркем де заманауи бейнеформатта көрсете білді. Шығармашылық тапқырлығы мен кәсіби шеберлігі үшін ол Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы С. А. Халеловтың Алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен (пауэрбанк) марапатталды.
Әріптесіміз Кошанов Ернарды кезекті марапатымен құттықтаймыз! Шығармашылық ізденістеріңіз бен цифрлық бастамаларыңыз тек сәттілікке ұласа берсін!