МТБ
«Баянауыл көпсалалы колледжінің» КМҚК
МТБ және техникалық құралдармен жабдықталуы
Баянауыл колледжінің оқыту ғимараты мемлекеттік оқыту мекемесі. Ғимарат 2 қабаттан, бетон материалдарынан 1994 жылы салынған. Ғимараттың жалпы алаңы 5512,1 шаршы метр.
Колледж негізгі ғимараттан, от жағу жылыту ғимаратынан, машина тұратын 2 жеке салынған гараждан тұрады.
Колледж ғимаратының жобалық қуаттылығы 150 білім алушыға арналған, оқу ғимаратының базасында акт залы (102,4 шаршы метр), спорт зал (274,95 шаршы метр), 75 орындық жатақхана (598,5 шаршы метр), қызмет көрсету үшін заңнамалық негізде жеке кәсіпкерге берілген 60 орындық асхана, 10 жалпы пәндердің кабинеттері, 5 арнайы пәндерге арналған кабинеттер, 6 шеберхана және 2 зертхана бар.
Бүгінгі күні колледж балансында:
- МТЗ-82 трактор-2, 8 орындық жолаушы тасымалдау (газель) автокөлігі, 1- ГАЗ 52 және 1 жигули бар. Сонымен қоса трактордың телешкасы, шөп шабатын, шалғы, шөпті тюктап орайтын құрылғысы бар.
- Акт залы заманауй проектормен, 2 акустикалық аппаратурамен, аккардеонмен, ямаха, пианино, электр гитара мен 2 домбырамен жарақтандырылған.
- Спорт залында баскетбол, воллейбол, теннис және кіші бөлмесінде шахмат-шашки, тоғызқұмалақ ойындарын өткізу үшін толық мүмкіндік жасалған. Сонымен қоса спортзалда жартасқа өрмелеу құрылғысы, колледж ауласында баскетбол алаңы мен турник, бруся сияқты спорттық жабдықтар құрылған. Жаттығу бөлмесінде жүгіру, тартылу, бұлшық етті жаттықтыру сияқты тренажерлар қойылған.
- Жатақхана колледждің оң жақ қанатында 1 және 2 қабаттарда құрылған. Жатақханада тұрғындар үшін мүмкіндігінше жағдайлар жасалуда. 8 бөлме, 2 ас бөлмесі, 2 жуыну және дәретхана, демалу бөлмесі қарастырылған. 2 жаңа холодильник, 2 электр плитасы (4 камфорлы), автоматты кір жуу машинасы сатып алынды.
- Асханада барлық білім алушылар бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Ас мәзірі алдын ала құзыретті мекемелермен келісіліп бекітіледі және күнделікті колледж әкімшілігі тарапынан қадағаланады.
- Жалпы пәндерге арналған оқу кабинеттері жаңа оқу жиһаздарымен қамтылған. Барлық кабинеттерге аралық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ақталып терезелеріне жалюзилар орнатылған. Бөлінген қаражатты үнемдеу жолымен бүгінгі күні 90% кабинеттің едендеріне двп салынып, линолиум төселді. 5 кабинетте интерактивті тақта, 4 кабинетте экранмен көрсететін видеопроектор, 4 кабинетте смарт телевизор бар. «Рухани жаңғыру» және «лингофон» кабинеттері жаңадан ашылды.
- Арнайы пәндерге арналған кабинеттер 5, оның 2 интерактивті тақта, ал 1 экранмен көрсететін видеопроектор бар. Электргазбен дәнекерлеуші мамандығы кабинетінде заманауй 3D дәнекерлеу треннажері бар, жоспарда фермер шаруашылығы мамандығына тракторшы треннажерін алу жоспарда тұр.
- Зертхана саны – 2. Физика және химия зертхана қайта жабдықталып, қалыпты жұмыс жағдайында. Келешекте аталған зертхананы заманауы виртуалды зертханамен алмастыру жоспарда.
- Шеберханалар саны 6: Электргазбен дәнекерлеуші біліктілігінің шеберханасы 8 дәнекерлеу постымен, газбен дәнекерлеу, контактылы дәнекерлеу аппаратымен, электргенераторымен және жартылай автоматты дәнекерлеу аппаратымен жабдықталған; Слесарлы шеберхана 8 жұмыс орнымен және қажетті құрал-саймандармен (шаттауық, темір ара, тескін, темір қайшы және т.б.) жабдықталған. Столярлы шеберхана ағаш материалдарын кесу, жону, тесу станоктарымен және ағаш өңдеу құралдарымен (ара, егеу, бұрғы, лобзик, балға, балта және т.с.с.) жарақтандырылған; фермер шаруашылығы мамандығына арналған шеберхана үшін жеке гараж салынды. Мұнда жеңіл автокөлікті көтеру құрылғысы, автокөлікке шинасын ауыстыру сияқты қызмет көрсету жабдығы алып орнатылды. Келешекте автокөлікті компьютерлік диагностикалау жабдығын алу жоспарда; Аспаз мамандығы шеберханасында ас пісіру дағдыларын меңгеру үшін қажетті ас пісіру плиталары, жылыту микроволновкасы, ас даярлау үстелдері, тоңазытқыштар және аспаздық құралдар қамтамасыздандырылған. Жоспарда берілген өтінім бойынша қайта жабдықтау көзделген; құрылыс мамандығын даярлайтын шеберханада білім алушылар тас қалау және сырлау, сырлау, плитка жабыстыру бойынша іскерліктерін шындайды. Бұл шеберханада жекелеген қайта жабдықтаудан өтпекші.
- Жаңа мамандықтар ашу мақсатында Туризм бағыты бойынша қажетті материалды техникалық база алынды.