РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus
10 октября, 2026

 «Адал азамат» бағдарламасы: Баянауылда тәрбие жұмысының өзекті мәселелері талқыланды

2026 жылғы 9 қазанда Баянауыл ауданының С. Торайғыров атындағы мектебінде «Мобильді әдіскер» облыстық жобасы аясында «Адал азамат» бағдарламасы шеңберіндегі тәрбие жұмысының жүйесі» атты семинар-практикум өтті.

Іс-шараға Баянауыл ауданының білім беру ұйымдарының әдіскерлері, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Семинар барысында келесі өзекті мәселелер мен бағыттар қаралды:

  • «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: негізгі құндылықтардан жүйелі тәжірибеге дейін;
  • «Заң және Тәртіп» пен «Таза Қазақстан» бағыттары: іс-шараларды жүзеге асыру алгоритмдері;
  • Интерактивті практикум: «Заң және тәртіп: Жаңа форматтағы құқық»;
  • «Еңбек адамы» бағыты: іс-шараларды жүзеге асыру алгоритмдері және «Адал еңбек – саналы таңдау» әдістемелік тренингі;
  • «Тәрбие ошағы» жобасы: іс-шараларды іске асыру алгоритмдері және «Сенім бар жерде – тәрбие бар» практикумы.

Семинар-практикум өте мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Қатысушылар ұсынылған тұжырымдамалар мен бағыттарды әрі қарай іс жүзінде қолдану және тереңдетіп зерттеу үшін қажетті бағалы білім мен іс-тәжірибелік дағдыларға ие болды.

лучший по профессии

slide
slide
slide
slide
slide