РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus

«Жас шебер» Электрдоғалы қолмен дәнекерлеу конкурсы

2025 жылдың 11-ші сәуірінде «Баянауыл көпсалалы колледжінде» аудандық «Жастар орталығының қолдауымен «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында аудан жастары арасында дәнекерлеуден «Жас шебер 2025» сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты: жастардың кәсіби шеберлігін қолдау, дамыту, жұмысшы мамандықтарға тарту, еңбек нарығында олардың бәсекелестігін арттыру және де мамандық таңдауға ықпал ету.

Байқау қорытындысы бойынша аудандық көпсалалы колледжінің студенті

I  орын — Тұрсынбай Құрмет;

II орынды — Зейнуллин Батырхан;

III орынды Федосеев Андрей иеленді.

Байқау жеңімпаздарына арнайы диплом және бағалы сыйлықтар табысталды. Білімді, шеберлі жастарымыз көп болсын!

Өндірістік экскурсия

3-ші сәуір күні Баянауыл колледжі «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттері ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №1134 қаулысымен бектіліген Жұмыс мамандықтар жылын өткізіу жөніндегі іс-шаралар жоспарына және колледждің өндірістік жұмыстар жоспарына сәйкес, «Кошанова Саруар Замзамовна» Жеке кәсіпкер Наубайхана базасында және «Жумагельдин Усен Тимашевич» ЖК Мейрамхана «Ақниет» кәсіпорындарында болды. Келешек аспаз студенттері наубайханада нанның дайындалу және пісірілу технологиясымен танысты, ал Ақниет мерамханасында келушілерге қызмет көрсету және ас бөлмесінде кондитерлік және басқа да тағамдардың дайындалу барысын өз көздерімен көріп, жақсы әсер алып қайтты. Кәсіпорын басшылығына студенттер үшін жасаған мүмкіндіктеріне ерекше алғысымызды білдіреміз!