РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus

Жас жұмысшы маман

Көптен күткен бітіруші студенттеріміздің оқу орнымен қоштасу сәтті де өтті. Жұмысшы мамандық иелері өмірдің жаңа баспалдағына аяқ басып алғашқы жолдамаларын алды. Биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы колледжімізді «Тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Дәнекерлеу ісі» мамандығының түлектері тәмамдады.

Қорытынды емтихандарын ойдағыдай сүрінбей тапсырған барлық түлек колледж басшысының қолынан дипломдарын алып, мерейлері үстем болды. Мерекелік іс шараға толы зал жиналып, ата-аналар өздерінің ризашылығын білдіріп, естелік суреттерге түсіп, қимастықпен тарасты.

Кәсіби үгіт насихат жұмысы Құндыкөл ауылында

Колледждің қабылдау комиссиясы бекіткен жоспарына сәйкес,  2025 жылдың 19-ші мамыр күні Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ  9-11 сынып оқушыларына кәсіби үгіт-насихат жұмыстарымен колледж өндірістік оқыту шеберлері  А.К.Алтаев пен жатақхана тәрбиешісі Ж.К Тукенов барып қайтты.

Кездесу барысында жұмысшы мамандықтар туралы видеоролик көрсетіліп, арнайы басып шығарылған буклеттер таратылып, колледжге оқуға шақырамыз атты жарнамалар ілінді.

Толық жөндеуден өтіп жатқан мектептердің жағдайы көз қуантарлық екен. Оқушылар үшін барынша жағдай жасалуда.

Кездесу барысында қатысушы оқушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, бүгінгі колледж тыныс-тіршілігі туралы мәлімет берілді.