РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus

Болашақ жарқын болсын: Баянауыл көпсалалы колледжінде жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында маңызды кездесу өтті

Жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігі – қоғамның басты басымдықтарының бірі. Осы мақсатта Баянауыл көпсалалы колледжінде студенттердің бойында салауатты өмір салтын қалыптастырып, АИТВ инфекциясы туралы дұрыс ақпарат беру бағытында кезекті маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Павлодар облыстық АИТВ инфекциясын алдын алу орталығының тәжірибелі педагогі Бараисова Құралай Ертаевна арнайы қонақ ретінде келіп, колледждің акт залында студенттермен жүздесу өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға инфекцияның жұғу жолдары, одан сақтану шаралары және қоғамдағы мифтер мен шындықтар туралы жан-жақты түсіндірілді.

Жиын тек теориялық ақпаратпен шектелмеді. Студенттердің назарына тақырыпқа сай танымдық бейнероликтер мен көрнекі презентациялар ұсынылып, өзекті мәселелер ашық талқыланды. Шара соңында 18 жасқа толған студенттер ерікті түрде АИТВ-ға қатысты экспресс-тестілеуден өтіп, өз денсаулықтарын бақылаудың маңыздылығын тәжірибе жүзінде көрсетті.

Аталмыш іс-шара “АИТВ инфекциясын алдын алу” тақырыбы аясында жоғары деңгейде өтіп, жастардың бұл мәселеге бейжай қарамайтынын, денсаулыққа жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті.

Республика күніне орай студенттер арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті

23 қазан күні колледжімізде Қазақстан Республикасының Күніне орай мамандық студенттері арасында ұлттық спорт түрлері – асық ату мен тоғызқұмалақтан сайыс ұйымдастырылды.

Тартысты әрі қызықты өткен спорттық шараның қорытындысы бойынша жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

«Асық ату» сайысы бойынша:

  • 1-орын: Сулешев Ерден (ГЭД-22 тобы)
  • 2-орын: Қуан Серік (ҒҚСП-12 тобы)
  • 3-орын: Қабдығали Арман (ҒҚСП-32 тобы)

«Тоғызқұмалақ» сайысы бойынша:

  • 1-орын: Ибраева Арай (ТҰ-22 тобы)
  • 2-орын: Макарова Альбина (ТҰ-32 тобы)
  • 3-орын: Дәулет Рамазан (ҒҚСП-12 тобы)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Ата-бабамыздан жеткен ұлттық ойындарымызды ұлықтап, белсенділік танытқан барлық студенттерімізге алғыс білдіреміз.