РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus

Баянауыл колледжінде салауатты өмір салты тақырыбында кездесу өтті

Бүгін ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жоспарланған тәрбие жұмысы аясында Баянауыл көпсалалы колледжінде салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды іс-шара өтті.

Кездесуге аудандық емхананың дәрігері Казиханова Әсел Маратовна, сондай-ақ МӘМС (ОСМС) консультанты және салауатты өмір салты жөніндегі үйлестіруші дәрігер Амантай Еркежан Амантайқызы арнайы келді.

Іс-шара барысында мамандар қызылша (корь) ауруының алдын алу жолдары, оның белгілері мен қауіптілігі туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі, оның артықшылықтары мен сақтандырылған азаматтардың құқықтары туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында студенттер мен оқытушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауаптар алды. Мұндай тағылымды кездесулер жастардың денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Баянауылда Конституциялық өзгерістер бойынша кездесу өтті

2026 жылғы 10 ақпанда Баянауыл Жастар орталығының мамандары Темірбекова Зауре Төлеухановна және Алпыс Әлібек Алпысұлы Баянауыл көпсалалы колледж студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген жаңа өзгерістер бойынша түсіндіру және талқылау жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында студенттерге референдумның маңызы, оның ел болашағына әсері және әр азаматтың жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Мамандар жастардың сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өз ойларын еркін білдіріп, белсенділік танытты. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.