РК, Павлодарская область, Баянаульский район, 140300, село Баянаул, ул. Х.Абылгазина 15
Call-center +7(718-40)–92510 Эл.почта bayanpl-27@mail.ru
platonus

Жаңа жыл қарсаңында үздік студенттер мен оқытушылар марапатталды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Баянауыл көпсалалы колледжінде студенттер мен оқытушыларды марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жыл бойы оқу, қоғамдық және спорттық өмірде белсенділік танытып, ерекше жетістіктерге жеткен жандарды ынталандыру және еңбектерін бағалау болды.

Салтанатты жиында үздік оқытушылар мен белсенді студенттерге алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Олардың қатарында колледждің қоғамдық өміріне белсене араласып, білім мен тәрбие саласында жоғары жауапкершілік танытқан азаматтар бар.

Сонымен қатар, аудандық спорт бөлімі тарапынан жыл қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен студент марапатталды. Жыл бойы оқу үлгерімімен қатар қоғамдық және спорттық іс-шараларға белсене қатысып, жауапкершілігі мен үлгілі іс-әрекеті арқылы дараланған Серік Серікжан «Жыл студенті» және «Жыл спортшысы» номинациялары бойынша марапатқа ие болды.

Бұл марапаттар жастарды жаңа жетістіктерге жетелеуге, өз мүмкіндіктерін толық пайдалануға және қоғам өміріне белсенді араласуға үлкен серпін берді. Жиын жылы лебіздермен және жаңа жылдық құттықтаулармен қорытындыланды.

АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша кездесу

            2025 жылдың 15 желтоқсанында колледжде АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында маңызды кездесу өтті. Бұл шараға АИТВ саласындағы жетекші маман, инфекционист дәрігер Файзолла А.Н. және эпидемиолог Хадыр Төлеген қатысып, студенттерге арнайы презентация көрсетіп, түсіндірме жұмысын жүргізді.

            Кездесу барысында дәрігерлер АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіріп, жастардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, студенттерге АИТВ тестілеудің маңыздылығы, қауіпсіз мінез-құлық және дұрыс ақпарат алу туралы кеңестер ұсынылды.

Шараға колледж медбикесі Мукашева Н.А. да белсенді қатысып, студенттерді АИТВ инфекциясының алдын алу және денсаулықты сақтау мәселелері бойынша қажетті ақпараттармен қамтамасыз етті. Оның бірлескен жұмысы медициналық сауаттылықты арттыруға, профилактикалық шараларды кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.

            Бұл шара жастардың АИТВ туралы білімін арттырып, қоғамда дұрыс түсінік қалыптастыруға ықпал етті.